ШҚО құтқарушылары шомылу маусымына дайындықты бастап кетті
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері өзен кемелерінің өкілдерімен профилактикалық нұсқау беру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әсіресе, құтқару кеудешелерінің болуына және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ал Глубокое ауданында дауыс зорайтқышы бар автокөлік көмегімен тұрғындарға балаларды су жанында қараусыз қалдыру қаншалықты қауіпті екені жеткізілді.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өткен жылғы шомылу маусымында ТЖД қызметкерлері 100-ден астам баланы жүзуге үйретті, 50-ге жуық сабақ өткізді. Биыл балалармен жұмыс шомылу кезеңі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
ШҚО ТЖД мектептер мен ата-аналар чаттарына тарату үшін арнайы ролик те әзірледі.
Фото: ШҚО ТЖД