KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 7 м/с, СБ
447.25 485.18 4.96

Күршім ауданында мәдениет нысандары жөнделіп жатыр

10.05.2024, 18:53 96 Қызырбек Дүргінбайұлы

Күршім ауданының мәдениет саласында серпіліс бар. Нақтырақ айтқанда, техникалық база нығайтылып жатыр. Жуық арада мәдениет ошақтарына жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Күршім – бірегей өнер майталмандары туған өлке. Сондықтан аудан руханиятын жаңғыртудың маңызы зор. Бүгінде осы мақсатпен бірқатар жоба қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

– Аудандық мәдениет үйіне қарасты 27 ауылдық клуб бар. Бұл мекемелерде 109 қызметкер еңбек етеді. Мәдени орталық өкілдері аудан халқын өнерімен сусындатып, саланың дамуына бір кісідей атсалысып келеді. Сәйкесінше, мәдениет қызметкерлеріне қолдау да көрсетілуде. Биыл аудандық мәдениет үйіне 18 млн теңгеге  «Газель» көлігі алынды. Сонымен қатар 6,5 млн теңгеге әртүрлі сахналық костюм алу қарастырылған. Алдағы уақытта мәдени нысандар жөнделеді, – дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков.

Биыл аудандық мәдениет үйінің сахнасын жөндеуге бюджеттен 30 млн теңге бөлу қарастырылған. Конкурстық рәсімдер нәтижесінде 22,5 млн теңге бөлініп, мердігер ұйым жұмысты бастап та кетті. Жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталуға тиіс.

Сондай-ақ Құйған ауылындағы клуб ғимаратын жөндеу жоспарда тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив