KZ
Өскемен
-15°
туман жел 2 м/с, СШ
505.15 550.31 5.89

Өнер музейінде Аналар күніне арналған көрме өтіп жатыр

14.05.2024, 16:17 225 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан өнер музейі тұрғындарды Халықаралық аналар күніне арналған көрмеге шақырады. Көрмеге отандық суретшілердің кескіндеме және графикалық жұмыстары қойылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аналар күні мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Қазақстанда бұл мереке халықтың ғасырлар бойғы дәстүрлерін бейнелейді, оған сәйкес ана өмірдегі басты тұлға ретінде құрметтеледі. Қазақ қоғамында әйелдің мәртебесі бала дүниеге келген сайын өзгереді. Көшпелі өмірдің қатал жағдайында бала тәрбиелеу үшін ерекше рухани қасиет пен әйел даралығы қажет. Сондықтан аналар ер адамдармен тең болды. «Әйел бір қолымен бесікті, ал екінші қолымен әлемді тербетеді» деген болатын Мұхтар Әуезов.

– Біздің көрме отбасындағы ең маңызды адамға құрмет көрсетуді мақсат етеді. Ал отбасы – мемлекеттің негізі. Біздің картиналарымыз осы туралы. Көрмеде жас ананың өз баласына қамқорлық жасап тұрғаны бейнелеген замандасымыз Ержан Тұрғанбаевтың «Ана бақыты» туындысы бар. Дәл осындай сюжеттер аға буын суретшілер Виктор Титовтың («Жас ана») және Николай Гаевтың («Қамқорлық») графикаларында көрсетілген. Әжелеріміз әрдайым бесік жырын, ертегілер айтып, қолөнердің қыр-сырын жеткізген. Мұндай сюжеттік көріністі Қайсан Қадырбековтің «Дәріш әже» туындысы ұсынады. Суретші Нелли Бубенің «Ана болу» картинасында ұрпақ жалғастырудағы ана бейнесінің эпикалық сипаты көрсетілген, – деп хабарлайды Шығыс Қазақстан өнер музейі.

Көрме келушілер үшін 16 мамырға дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу