KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 7 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ШҚО Мамандандырылған медициналық орталығында – жаңа басшы

15.05.2024, 10:37 85 Ержан Әбіш

ШҚО Мамандандырылған медициналық орталығының ұжымына жаңа бас дәрігер – Шолпан Ермекқызы Мақашева таныстырылды.

Шолпан Мақашева денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді. 10 жыл Үржар аудандық ауруханасы педиатрия бөлімінің меңгерушісі, облыстың штаттан тыс бас педиатры, Аягөз мамандандырылған балалар үйінің директоры, осы лауазымға тағайындалғанға дейін ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Семей мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған. Денсаулық сақтау магистрі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

– Жаңа басшыға халыққа көрсетілетін көмектің сапасын және медициналық мекеме қызметінің тиімділігін арттыру міндеті қойылды. Жұмысты тезірек шешуді талап ететін бірінші кезектегі мәселелерден бастау керек, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив