Биыл 23 дәрігер шетелге оқуға жіберіледі – ШҚО
Биыл Ауылдық жерлерде "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 36 жаңа медициналық нысан салынбақ.
Сонымен қатар 808 бірлік медициналық жабдық сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде, Зайсан ауданы Зайсан қаласында емханалар, Өскемен қаласы Ахмер ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Шолпан Мақашева.
Сонымен қатар ағымдағы жылы шетелде Израиль, Латвия және Ресей клиникаларында 23 маман оқыту жоспарлануда.
- Бұл шаралар халықтың өмір сүру ұзақтығын 72,4-тен 73,3 жасқа дейін ұлғайтуға, қан айналымы жүйесі ауруларынан және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемі 6,5 есе, мамандандырылған медициналық көмектің көлемі 2 есе артады, - деп атап өтті Шолпан Ермекқызы.
Оқи отырыңыз