KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

ШҚО ТЖД құтқарушылары ата-аналарға ескерту жасады

17.05.2024, 15:46 86 Ержан Әбіш

Бір аптадан кейін мектептерде жазғы демалыс басталады. ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаевтың айтуынша, нақ осы кезеңде балалар қатысқан жазатайым оқиғалар көбейеді, яғни терезеден құлау, суға бату, отпен ойнап, өрт шығару фактілері жиілейді. Сондықтан ата-аналар қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек.

Құтқарушылар ең алдымен ата-аналарға еш жағдайда баланы қараусыз қалдырмауды, дәрі-дәрмекті, қауіпті, өткір заттарды, сіріңке, оттықты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды ескертеді. Сондай-ақ терезелерге «балалар құлпын» орнатуды ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бала өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін, түтін кезінде мұрын мен ауызды дымқыл шүберекпен жауып, сыртқа шығу керектігін білуі керек.

Үйден шығып бара жатқанда электр құралдарын қосулы қалдырмаңыз, зарядтағыштарды түнде розеткадан суырып қойыңыз.

– Балаңызға төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтыңыз, көбінесе балалар оттан қашамын деп шкафқа немесе төсек астына тығылады, осылайша түтінмен тұншығып қалуы мүмкін, – деді Ерғали Бахаев.

«101», «112» және «103» телефондары пәтерде көрнекті жерде болуға тиіс, сондай-ақ бала үйінің мекенжайын, ата-анасының телефон нөмірлерін білуге тиіс.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив