KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Өскемендегі «Бәйтерек» қазір қайда?

"Таза Өскемен" МКК

19.05.2024, 20:00 357 Назерке Каримова

Бүгінгі таңда "Бәйтерек" бөлшектелген конструкциясы "Таза Өскемен" МКК базасында тұр.

Қала орталығында тұрған кезінде сәулет нысанын күтіп ұстау бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмегендіктен, темір құрылымның әбден тозығы жеткен, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі ақпараты бойынша, оның үстіне демонтаждау кезінде кранға бекітілген сымы үзіліп кетіп, конструкцияның үстіңгі бөлшегіне зақым келген. Оны қалыпқа келтіру мүмкін емес, яғни, құрылысты пайдалану қауіпті.

Ал Ертіс көпірінің алдындағы шеңберлі жолды ретке келтіру бойынша бірнеше нұсқа қарастырылған. Тоғыз жолдың торабы болғандықтан, бұнда екі деңгейлі жол айрығы қалыптаспақ.

– Бұл мәселені жылдам шеше қоймаса да, ең қажетті шешім. Ең алдымен техника-экономикалық шешімі болуы керек және ары қарай жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі керек. Ал орталық көшедегі шеңбер іші көгалдандырылып, гүл егіледі, – деп хабарлады әкімдіктегілер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив