Өскеменде Ертіс көпірінің бір жолағы жабылды
Өскемендегі Ертіс көпірінің КШТ ауданына қарай бағыттағы шеткі қатары бетон қоршаумен жабылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл көпір үстіндегі көлік қозғалысында қауіпті жағдай тудырмау үшін жасалған екен: көпірде төрт жолақ бар, ал ары қарай Сәтпаев даңғылында – үш жолақ. Соның салдарынан көлік ағыны күрт тарылып, қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Осы жолдың реконструкциясы Сәтпаев-Жібек жолы қиылысындағы жол айырықтың құрылысы кезінде жүргізіледі. Ол қос деңгейлі болмақ. Бір бөлігі – Фрешмаркеттен мешітке дейін, айналмалы жолмен бірге, екіншісі – Неке сарайынан Жібек жолы бойынша, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға беріліп қойған. 1 мамырға дейін қорытындысы алынып, жұмыстардың басталатын уақыты белгілі болады.