Өскемендегі «Бәйтерек» саябаққа көшіріледі
фото: visiteast.kz
Өскемендегі «Бәйтерек» монуметін көшіру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, монумент орналасқан аумақтағы жолдың астында су құбырлары бар. Осыдан, шамамен, он жыл бұрын сақина-жолдың ортасына орнатылған сәулет нысаны енді отыра бастайды. Мұндай жағдайда құбырларға зақым келуі мүмкін.
– Мамандар дабыл қағып отыр. Құбырларға зақым келсе, 29 мың абонент, яғни 70 мың адам жылусыз, ыстық сусыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар сақиналы жолдың ішінде екі жылу камерасы тұр және тағы екі ірі құбыр өтеді. Бұл тұрғындарды ыстық сумен, жылумен қамтамасыз етеді., – деді Өскемен әкімі.
Қала басшысының айтуынша, «Бәйтерек» монументі этносаябаққа көшіріледі.
Оқи отырыңыз