KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

ШҚО-да «Мейірім» акциясы қайта жалғасты

Фото: depositphotos.com

28.05.2024, 09:36 114 Ержан Әбіш

Облыстың білім басқармасы Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында «Мейірім» акциясын қайта жалғастырды.

Аталған акция аясында жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға корпоративтік тәлімгерлік қағидасы бойынша қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда 114 бала облыстық басқармалар, департаменттер, білім басқармасы, мектептер мен колледждер ұжымдарынан тәлімгер тапты. Балалардың есепшотына 5 айда 16 миллион теңгеден астам қаржы аударылды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан басқа өңірлерге «Мейірім» акциясын ұйымдастырудың материалдары мен іс-қимыл алгоритмін ұсынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив