Өскемендік кітапханашылар Ресейден біліктілік арттырып келді
О. Бөкей атындағы кітапхана
Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапхананың қызметкерлері Руслан Бабиров пен Әйгерім Белібаева «Жаңа ұрпақ» бағдарламасы бойынша күндізгі оқытудың екінші кезеңінен өту үшін Ресейге барып келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл Ресей мемлекеттік кітапханасы мен Еуразиялық кітапханалар ассамблеясының бірлескен жобасы. Соның аясында өскемендік кітапханашылар Мәскеу және Қазан қалаларына барып, Ресейдің және әлемнің басқа да елдерінің жетекші кітапханашыларымен тәжірибе, білім алмасып, кітапхана ісіндегі соңғы тенденциялар мен жаңалықтарды біліп қайтты.
Оның ішінде Қазақстанның Алматы, Қостанай және Өскемен қаласынан кітапханашылар мен басқа да мамандық иелері келген.