KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
444.14 477.05 4.85

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана халықаралық сыйлықты еншіледі - Өскемен

20.01.2024, 15:00 159 Айна Ескенқызы

Өскемендегі  Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың «Жасыл үй» эко-орталығы атты жобасы EIFL Халықаралық қорының сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 


Ұлу жылы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана үшін сәтті басталды. Биыл кітапхананың 70 жылдық мерейтойы. Осы айтулы мереке жылында өскемендік кітапханашылардың еңбегін халықаралық сарапшылар жоғары бағалап, ұжым жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс  бүкіл ғұмырын кітапхана ісіне арнаған, өз ісінің майталманы, аты аңызға айналған жаңашыл  басшы Қабиба Ақжігітова бастаған ұжымның ізденісінің жарқын көрінісі.

- Біздің халықаралық сарапшыларға көптеген   ұсыныстардың ішінен ең жақсы бағдарламаларды таңдау оңайға түскен жоқ. Сіздердің жұмыстарыңыздың төрт үздік жеңімпаздың бірі ретінде таңдалғанын қуана хабарлаймыз. Кітапхана ұжымын жастарға экологиялық тәрбие берудегі тамаша жұмыстарымен құттықтаймыз, - делінген байқауды ұйымдастырушылардың құттықтау хатында.

Жеңімпаздар 1500 АҚШ доллары, кубок  және сертификатқа ие болды.




Суреттер кітапхананың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив