«Қонақжай отбасының” биылғы маусымы басталды
Бүгін облыстың бірнеше ауданынан 120 бала жазғы демалысқа Катонқарағай, Глубокое аудандарына және Риддер қаласына аттанды.
50 отбасы Өскемен, Риддер қалаларынан, Алтай ауданынан, Глубокое, Шемонаиха, Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 120 баланы қабылдауға дайын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Балалар бүгін ауылдарға аттанды. 15 күн бойы ауылда әрі демалып, әрі тіл үйреніп қайтады.
Тілдік ортаға ене отырып, тілді практикалық түрде үйрену мақсатында «Қонақжай отбасы» жобасына 12 жастан 14 жасқа дейінгі қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушылар үшін 15 күнге арналған бағдарлама әзірленген. Бағдарламада туған өлкенің дәстүрлерін, мәдениеті мен мұрасын зерделеу (экскурсиялар, кітап оқу, фильмдер көру және аудандағы киелі орындарға бару және т.б.) көзделген.