KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Семейде дала өрті ауыздықталды

23.08.2018, 10:32 180

Семейде 80 гектар аумаққа шарпыған дала өрті сөндірілді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Тамыздың 21 күні сағат таңғы 06:00 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекшілік бөліміне, Знаменка ауылдық округінде құрғақ шөптің өртенгені жайлы дерек түскен. Анықталғандай, төтенше жағдай Балапан ауылынан 10 шақырым жерде орын алыпты. Тілсіз жаумен күреске бірнеше өрт сөндіру есебі жұмылдырылды. Атап айтқанда, 46, 48-ші және №2 өрт сөндіру бөлімдірінің жеке құрамынан 10 адам, сондай-ақ 3 автоцистерна тартылған. Бұған қоса өрт сөндірушілерге 2 техника бірлігімен 10-ға жуық ерікті көмектескен екен. Қызыл жалын 4 сағаттың көлемінде ауыздықталды. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив