Күршім ауданында 4 үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күршім ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша ауданы 91 шаршы метр болатын алты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның төртеуі бірнеше жыл бұрын таратылған Бесжылдық ауылында салынып жатыр.
– Бесжылдық ауыл мәртебесіне сәйкес келмеді. Онда 50-ден кем адам тұрғандықтан, оны Сарыөлең ауылдық округіне қосу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта Бесжылдық ауылын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде ауылда балалар алаңы салынып, көшелері жарықтандырылып, асфальт төселген.
Оқи отырыңыз