KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 1,6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменде тұрғындар арасында садақ ату турнирі өтеді

Фото: Шартты сурет

18.05.2023, 10:01 562

Өскемен қаласында 20 мамыр күні «Скиф» садақ ату орталығында дәстүрлі садақ ату бойынша турнир өтеді. Турнирді Өскемен қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі «Скиф» садақ ату орталығымен бірлесе ұйымдастырған.

Шараға 18-35 жас аралығындағы кез келген жан қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жарыс қала тұрғындары арасында ежелден келе жатқан ұлттық спортты, соның ішінде садақ ату өнерін насихаттау және жастарды салауатты өмір салты мен дене тәрбиесіне баулу мақсатында ұйымдастырылған.

– Садақ атудан бірнеше жарыс өткізуді жоспарлап отырмыз. Кейін гранд-финал өткізу ойда бар. Оған осы жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған адамдар қатысады. Бұл жарыстарда жолдама, мадақтама ұтып алады. Ал гранд-финалда ұтқандарға ақшалай сыйлық беріледі. Бұл қалалық чемпионат әзірге сынақ түрінде ғана өткізіледі. «Скиф» садақ ату орталығы әкімнің кәсіпкерлермен кездесуінде ұсыныс білдірді. Енді осы кісілермен бірігіп жұмыс істейміз, – дейді қалалық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ербол Қоңыратов.

Ниет білдірген тұрғындарға қауіпсіздік ережесі мен садақ ату технологиясы жарыс басталмас бұрын түсіндіріліп, дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.

Басталуы сағат 10.00-де. Мекенжайы: М.Горький к., 57.

               

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив