ШҚО-да иттерді серуендетуге арналған орындар белгіленеді
Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстанда иттерді серуендету орындары арнайы тақтайшалармен белгіленетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында Шығыс Қазақстан қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
– Енді жергілікті атқарушы органдар ит-мысықты серуендетуге арналған орындарды белгілеуі керек. Үй жануарларының көшедегі нәжісін тазарту – олардың иесінің тікелей міндеті, – деп түсіндірді ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.
Айта кетейік, шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз