Шығыс Қазақстанда абаттандыру бойынша 256 жоба іске асады

Фото: userapi.com
Биыл Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандарды абаттандыру бойынша 256 жоба іске асатын болады. Жобалардың аясында көшелерді жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын салу, аулаларды, саябақтарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары атқарылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Былтыр ШҚО-да қалалар мен аудандарды абаттандыру бойынша 171 жоба іске асқан болатын.
256 жобаның 50-і ШҚО әкімдігі бекіткен қалаларды абаттандыру жөніндегі Жол картасына енген. Жол картасы бойынша үш жылға арналған (2024-2026 жж.) болжамды қаржыландыру көлемі 12,3 млрд теңгені құрайды.
Бүгінде 3 жоба өткен жылдан ауысып отыр. 93 жоба бойынша (36%) мердігерлік ұйымдар анықталды, 112 жоба бойынша (44%) конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қалған 48 жоба бойынша (19%) конкурстық құжаттарды дайындау жұмыстары басталған жоқ.
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВнокласснРСвЂВВВВВРєРСвЂВВВВВ
- Telegram
- Viber