KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Президент кеңесшісі: "Елдің жұдырықтай жұмылуының арқасында су тасқынын еңсердік"

1.07.2024, 19:33 331 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысына сапарлай келген Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев зиялы қауыммен, жастармен, этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, жиналған жұртпен ашық сұхбат құрды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Президент кеңесшісі алдымен Пушкин атындағы облыстық кітапханаға ат басын бұрып ол жерде зиялы қауым және шығармашылық тұлғалармен дидарласты. Кездесуді ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен зор ықыласын жеткізуден бастады. Осыдан кейін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жиналған азаматтық қоғам өкілдерімен және жастармен кездесіп, ашық әңгіме өрбітті.

Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде түсіндіріп өтті. Осыдан кейін еркін сұхбатқа көшіп, шығармашылық өкілдерінің жастарға газет-журнал, кітап оқыту және руханиятқа бетбұрыс жасау жөніндегі сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарына құлақ түрді.

– Жалпы ұлттың руханияты Мемелекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Президент халықпен өткен әрбір кездесуінде ұлттық құныдылықтармен қатар мемлекеттік құндылықтарды көтеру, тарихымыздағы ұлы тұлғалардың еңбек жолдары мен ел үшін жасаған ерліктерін, батырлығын, даналығын дәріптеу қажеттігін ұсынып келеді. Қазір Қазақстан тарихының 7 томдығы дайындалып жатыр. Көркем әдебиеттер жарық көріп, ақын-жазушыларға қаламақы беріліп келеді. Ендігі мәселе жастарға кітап, газет-журнал оқыту болмақ. Мен өз басым мұғалімдердің газет-журналға жазылмауын дұрыс деп есептемеймін. Ұстаз деген жан-жақты сауатты, қоршаған ортадан, саясаттан, қоғамдық мәселеден, руханият пен мәдениет әлемінен хабары болуы керек. Сонда ғана ол ұстаз бола алады. Әйтпегенде жай мұғалім ғана болып қала береді. Балаларға сабақ берумен шектелмей мемлекеттің жайынан мағлұмат бере алуы керек. Міне, осындай мәселелерге назара аударып, «Әділетті Қазақстанды» құру үшін азаматтық қоғам белсенді болуымыз керек, – деді Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы.

Кездесу барысында елімізде атқарылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы да тілге тиек болып, бұл бастаманы ары қарай дамыта түсу керектігі жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сондайа-ақ Президент кеңесшісі көктемде елімізде болған су тасқыны кезінде Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының белсенділік танытқанын айтып, табиғат апатының алдын алуға өңір басшылығының сақадай сай болғанын ерекше атап өтті.

Ал кездесуде айтылған ұсыныстардың барлығын ой елегінен өткізіп, мүмкіндігінше Президентке жеткізетінін айтты. Ең бастысы «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» жолында жұдырықтай жұмыла білейік дегенді алға тартты.

Президент кеңесшісі кездесу соңында Мемлекет басшысының бастамысына тағы бір мәрте тоқталып, өңірдегі халықтың көңіл-күйін біліп, ұсыныстарын тыңдауға келгенін жеткізді. Кездесуге жиналған жұртқа алғыс айтты.


Фото: Нелли Петенева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив