KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Президент сөзі: Бердібек Мәшбекұлы – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге

сурет: egemen.kz

16.02.2024, 15:44 52 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда төрінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы: дағдарыс-менеджер феномені» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференцияға қатысқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды,

«Бердібек Мәшбекұлы – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол әр жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетекшілік етіп, парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі және адал қызметі – жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге», - делінген Президент хатында.

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закарья, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова және басқа да мемлекет, қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Іс-шара барысында көрнекті қоғам қайраткері жайлы кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Сондай-ақ қатысушыларға Бердібек Сапарбаевтың өмір жолын өзек еткен фильм көрсетілді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив