Өскеменнен Үрімшіге әуе рейсі ашылуы мүмкін
Фото: depositphotos.com
Облыс орталығынан Қытай мен Моңғолияға тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін.
Қазір тұрақты рейстерді іске қосу мәселесі талқылануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Өскемен әуежайы» АҚ мәліметінше көрші елмен Өскемен – Үрімші бағытына әуе рейстерін ашу үшін келіссөздер жүргізілуде. Аталған бағыт бойынша ұшақтар аптасына екі рет ұшады деп болжануда.
Сонымен қатар Өскеменнен Баян-Өлгейге ұшатын рейстерді де ашу көзделген. Екі тарап мәмілеге келу үшін жақын арада Моңғолия өкілдері облыс орталығына келмек.
Оқи отырыңыз