KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Марқакөл мен Үлкен Нарын аудандарына барынша қолдау көрсетіледі

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
3.07.2024, 11:16 151 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының жаңадан құрылған аудандарын дамытуға облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеевтің айтуынша, 2024 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға қаражатты басым бағыттарға, сондай-ақ бөлінетін Катонқарағай мен Үлкен Нарын, Күршім мен Марқакөл аудандары бюджеттері арасында қайта бөлу негіз болды.

– Катонқарағай және Күршім аудандарының бюджеттерінен Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарын дамытуға 2,9 млрд теңге бөлінеді. Қайта құрылған аудандарды қолдау мәселелері облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралып, бекітілді, – деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, аудан әкімдіктерінің дербес құрамы мен аудандарды басқару схемалары бекітілді. Үлкен Нарын және Марқакөл аудандары әкімдерінің аппараттары, сондай-ақ жаңадан құрылған аудандардың дербес бөлімдері әділет органдарында тіркелді.

Сонымен қатар Катонқарағай, Күршім аудандары мен Үлкен Нарын және Маркакөл аудандарының шекаралары бекітілді. Мемлекеттік органдарды орналастыру мәселесі пысықталып, әкімшілік ғимараттарды жөндеуге сметалық құжаттама әзірленді, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

Мәжілісті өткізген облыс әкімі Ермек Көшербаев аудандардың экономикасын дамытуды, тұрғындарды жұмыспен қамтуды, кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды, медицина мамандарымен қамтуды көздейтін 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарлары әзірлеуді тапсырды.

– Жаңа аудандарға баратын мамандарға жағдай жасау қажет. Оларды тұрғын үймен қамту, көтермеақы мөлшерін ұлғайту мәселесін шешу керек. Бұл іске аудандардағы кәсіпкерлерді де тартуға болады. Жеделдетіп ұсыныстар әзірлеңіздер, кейін жан-жақты талқылайтын боламыз, – деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив