KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Қайта құрылған аудандарды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді – ШҚО

1.07.2024, 13:02 97 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында облыстық бюджеттегі өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархад Белбеевтің айтуынша, 2024 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауға қаражатты басым бағыттарға, сондай-ақ Катонқарағай ауданы мен Үлкен Нарын, Күршім мен Марқакөл сияқты бөлінетін аудандардың бюджеттері арасындағы нысаналы трансферттерге қайта бөлу негіз болды.

Катонқарағай және Күршім аудандарының бюджеттерінен 2992,5 млн теңге беру көзделген. Аталмыш қаражат Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарын дамытуға жұмсалады. Ал осы аудандардағы мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2 миллиард теңге қарастырылған.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу