Марқакөл мен Үлкен Нарын аудандарының шекарасы бекітілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтадан құрылған Марқакөл мен Үлкен Нарын аудандарының шекаралары бекітілді.
Бұл туралы бүгін өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мәслихат шешіміне сәйкес, дербес аудан ретінде құрылған Үлкен Нарынның аумағы 378 мың гектарды құрап, құрамына алты ауылдық округ кіруге тиіс. Ал жеті ауылдық округті біріктіретін Катонқарағай ауданының жер көлемі 940 мың гектарға жетеді. Сол сияқты, жаңадан құрылған Марқакөл ауданының аумағы 1 миллион 100 мың гектарға жетіп, құрамына бес ауылдық округ енеді. Ал 1 миллион 217 мың гектар жерді алып жатқан Күршім ауданында жеті ауылдық округ болады.