KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО әкімдігі Риддер экс-әкімінің ұсталуы туралы түсініктеме берді

Фото: nur.kz

12.07.2024, 18:00 107 Ержан Әбіш

Риддер қаласының экс-әкімі Дәулет Батырбаевтың ұсталуы туралы ақпаратқа ШҚО әкімдігінде түсініктеме берілді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

– БАҚ сауалдарына жауап бере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде құқық қорғау органдарының азамат Д.Батырбаевты ұстағаны туралы ақпарат жоқ екенін хабарлаймыз, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкімдік аталған азаматтың 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады. 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д.Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметші болып саналмайды.

– Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тіркелмегенін қосымша хабарлаймыз, – деп нақтылады әкімдікте.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұрынғы қала басшысының 200 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат таралған болатын.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлаған.

– Риддер қаласының бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаев ұсталды. Ол 200 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеумен ҚМА (Қаржы мониторингі агенттігі) айналысуда, – деп жазды Козачков Telegram-арнасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив