KZ
Өскемен File engine/modules/json_openweathermap_pogoda_one_day.php not found.
[rates-money]{m-rates-USD}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-EUR}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-RUB}[/rates-money]

Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қызметінен кетті

Сурет редакция архивінен

29.04.2024, 15:09 189 Ержан Әбіш

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев тағайындалғаннан кейін 8 айдан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы бүгін, 29 сәуірде қалалық әкімдік ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Риддердің бұрынғы басшысының айтуынша, өз өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім отбасылық жағдайларға байланысты. 

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бұрынғы әкім туралы оң пікірлер жазып жатыр. 

«Өкінішті-ақ, ол жұмыстан қорықпады, барлық мәселелермен жеке айналысып, толық ақпаратты біле отырып жауап беретін. Мұндай әкімді қайдан табамыз?» - деп жазады қала тұрғыны Оксана өкінішпен. 

Оның сөзіне Риддердің тағы бір тұрғыны Наталья да қосылады:

«Осы әкім келгелі қалада көптеген мәселелер шешіле бастады. Біздің ауданда электр энергиясымен проблема жоқ, ЖЭО мәселесін шешті. Соңғы кездері біз Мәдениет үйіне де жиі баратын болдық, өйткені бізге шеттен әртістер келіп, қойылымдар мен спектакльдер қоя бастады».

Естеріңізге сала кетейік, қала басшысы лауазымында Дәулет Батырбаев көп шаруа тындыра алды. Қаладағы ЖЭО күрделі жөндеуден өтті, жылумен жабдықтау құбырларын ауыстыру басталды, электр энергиясының жиі өшуі проблемасы шешілді, мәдениет саласының жұмысы, сондай-ақ қысқы спорт пен туризмді дамыту ісі жанданды.

Қала әкімі өзекті мәселелерді бірлесіп шешу үшін жастармен, тұрғындармен үнемі кездесіп отырды. Сондай-ақ қалада екі жаңа мектептің құрылысы басталды. Су тасқынының қаупі сейілді. 

Риддер қаласының әкімдігі хабарлағандай, қала басшысының міндетін уақытша бұрынғы әкімнің орынбасары Мұрат Байжүменов атқарады.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу