KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚТУ оқытушылары «Лу Бань Шеберханасы» жобасы аясында Қытайда оқуды бастады

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ баспасөз қызметінен

14.07.2024, 13:00 126 Назерке Каримова

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылар делегациясы «Лу Бань шеберханасы» жобасының екінші кезеңі шеңберінде оқудан өту үшін Тяньцзинь қаласына (Қытай) келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Тағылымдама Тяньцзинь кәсіби институтының (TVI) базасында екі апта бойы өтеді. Биыл ШҚТУ делегациясының құрамы 30%-ға жаңарды және университеттің магистранттары мен докторанттарын қамтыды.

- ШҚТУ делегациясы интеллектуалды желілік автомобильдердің жұмысымен, LIDAR жұмыс принципімен және 360 градусқа айналмалы камералармен танысты, сондай-ақ оқытушылар Python бағдарламалау тілінде практикалық жұмыстарды орындауға кірісті, - деп мәлімдеді ШҚТУ баспасөз қызметі. -Сонымен қатар, тағылымдама шеңберінде көлік саласындағы инновациялық технологиялар бойынша дәрістер мен мастер-класстар өткізетін TVI жетекші сарапшыларымен және ғалымдарымен кездесулер жоспарланған. ШҚТУ оқытушылары заманауи зертханалар мен зерттеу орталықтарына баруды көздеп отыр, бұл оларға озық тәжірибені қабылдауға және оны өз университетінің оқу процесіне енгізуге мүмкіндік береді.


Бұның барлығы «Көлік машина жасаудағы Смарт-технологиялар және жасанды интеллект» жаңа инновациялық білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажет. Бұл білім беру бағдарламасы көлік саласы үшін көлік құралдарының қауіпсіздігі мен автопилоттау жүйелеріне біріктірілген. Сондай-ақ, «Internet of Vehicle» смарт-технологиялары көмегімен көлік жүйесінің тиімділігін арттыру функцияларын орындайтын ғылымды қажетсінетін зияткерлік жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін IT-мамандар пәнаралық даярлаудан өтеді.

- Бұл білім беру бағдарламасына алғашқы қабылдау 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Оқыту смарт-технологиялар және зияткерлік жүйелер (SMART, ADAS, RADAR, LiDAR технологиялары) бойынша бірегей жабдықтармен жарақтандырылған «Лу Бань шеберханасының» оқу базасында іске асырылатын болады. Сондай-ақ, ШҚТУ-да жаңа SMART Driving Technology орталығын құру жоспарланған. Ол қосымша «Internet of Vehicle» смарт технологияларын жүргізудің, спутниктік навигацияның және үшінші деңгейдегі автопилоттаудың зияткерлік қауіпсіздік жүйелерін іске асыратын жаңа технологиялар мен электромобильдермен жабдықталады, - делінген хабарламада.


Бұл сапар «Лу Бань шеберханасы» жобасының маңызды бөлігі болып табылады және ШҚТУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған. Болашақта Қазақстанның автомобиль саласы үшін автомобиль көлігі және зияткерлік көлік жүйелері саласында жоғары дәрежелі мамандар даярлауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу