ШҚТУ-да дартс сайысы өтті
Фото: ШҚТУ баспасөз қызметі
20 қазанда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Денсаулық және спорт орталығында дартс жарысы өтті. Шара Республика күні мен жоғары оқу орнының 65 жыл мерейтойына арналған.
Жарысқа оқытушылар, қызметкерлер қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат — профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер арасында бұқаралық спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа оқу орнының 5 мектебінен 70 адам қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құрмет грамоталары табысталды.
Оқи отырыңыз