KZ
Өскемен
-27°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

«Алтын Тұрғысын – 2024» фестивалі мәресіне жетті

Аяужан Утеулинова
Аяужан Утеулинова
14.07.2024, 14:00 174 Назерке Каримова

Алтай ауданының Бұқтырма өзені жағалауында екі күнге созылған «Алтын Тұрғысын – 2024» XVII халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО-да 2008 жылдан бері «Алтын Тұрғысын» өнер байқауы әдеби шығармашылық, халық шығармашылығы, авторлық әндер, вокал және суретке түсіру өнері бойынша өткізіліп келеді. Байқаудың негізін қалаушы – ақын, жазушы, ШҚО-ның құрметті азаматы Александр Егоров.

- «Алтын Тұрғысын» фестивалі – жылда дәстүрлі түрде өтетін шара. Биыл фестивальді Малеев ауылдық округінде, Бұқтырма мен Хамир өзендерінің қосылатын тұсында өткіздік. Кей меймандар палаткаларда орналасты, ол үшін біз өз тарапымыздан барлық жағдайды жасадық. Алдын ала аумақты тазартып, дезинсекция жасадық. Өрт қауіпсіздік шараларын да қатаң сақтап, өрт сөндірушілер кезекшілік етті. Өйткені мұндағы 300 мың га орманды аумақ. Келушілердің барлығына өрт қауіпсіздік ережелерін ескертетін парақшалар таратылды, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.


Фестивальда әр жылдары «Алтын Тұрғысынның» лауреаттары өнер көрсетті, спорттық жарыстар өтіп, суретшілер мен фотографтардың көрмесі ұйымдастырылды. Шара қонағы -  «X-Factor» байқауының қатысушысы Әсем Рыспаева.

- Шығысқазақстандықтар бұл фестивальді жақсы көреді. Тек шығысқазақстандықтар емес, шетелдіктер де осы фестиваль үшін арнайы келіп жатады. Бұрын өзім де қатысатынмын, тіпті бір рет жеңімпаз атанғанмын. Ал бүгінгі күні қонақ ретінде шақырды, - дейді Әсем Рыспаева.


Жалпы биылғы «Алтын Тұрғысынға» мыңнан астам адам жиналып, 60 адам түрлі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу