KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Риддердегі көпсалалы аурухана келер жылы қолданысқа беріледі

19.07.2024, 15:24 114 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов Риддер қаласында салынып жатқан көпбейінді аурухана кешеніне барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауысымда 500 адам қабылдайтын емханасы және 200 төсектік стационары бар медициналық мекеме 80 жылдан астам жұмыс істеп тұрған аурухананың орнына салынуда. Аурухана сараптамалық сыныптағы медициналық жабдықтармен, атап айтқанда 128 тілімді компьютерлік томографпен және цифрлық рентгенография аппаратымен жарақталады. Медициналық мекемеде 500-ден астам білікті қызметкер жұмыс істейтін болады.

– Құрылысты 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда емхананың дайындығы 57 пайызды, стационардың дайындығы 17 пайызды құрайды, – деді учаске бастығы Жәнібек Жамантіков.

Құрылыс кезінде қаржыландыруда проблемалар туындаған, қазір мәселе шешілуде. Бейінді министрлікке 18 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданып отыр.

– Қаржыландыру мәселелерін шешетін боламыз. Әкімдік қаражаттың сапалы әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ұзаққа созбай, жұмыс қарқынын арттырып, нысанның «сақалды құрылыстар» тізіміне өтіп кетуіне жол бермеу керек. Тұрғындар барлық медициналық қызметтерді осы жерде алуы үшін аурухананы қажетті техникамен жабдықтау керек. Біз халықтың ақылы медицинаға жұмсаған шығындарын азайтуға тырысуымыз қажет. Азаматтардың қажеттіліктерін қолданыстағы МӘМС жүйесі және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде жабуға тырысу керек, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Татьяна Кравченко

Фото: primeminister.kz


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив