KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, В
481.68 522.48 5

Биыл ШҚО полицейлері балалар мінген 500-дей автобусқа жол бастады

Фото: Polisia.kz

24.07.2024, 11:14 68 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жыл басынан бері балалар мінген 500-ден астам автобусқа жол бастап жүрді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО-да биыл қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 19 мыңнан астам жас жолаушы тасымалданды. Олардың қатарында спортшылар, еліміздің барлық өңірінен келген туристер және жай ғана демалатын балалар бар.

Балалардың сапарлары есте қаларлық және қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы үшін тәртіп сақшылары алдымен жүргізушілермен ұйымдасқан колоннада жүру кезіндегі талаптар, жылдамдық режимін сақтау және көлік құралдары арасындағы қашықтық туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар береді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қажетті құжаттаманы, сондай-ақ көлік құралдарының жарамдылығын тексереді. Дәл осындай профилактика балалармен де жүргізіледі, онда сапар кезіндегі автобуста қауіпсіз жүріп-тұру ережелері түсіндіріледі.

Полицейлердің басты міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу.

ШҚО полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға ұйымдасқан көлік колоннасына жақындаған кезде жүргізушілер аталған көлік құралдарының, сондай-ақ олармен бірге жүретін көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін оған жол беруге міндетті екенін ескертеді. Ұйымдастырылған көлік коллонасын басып озуға, кесіп өтуге тыйым салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив