KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Күршім ауылының су құбырлары жаңартылып жатыр

Фото: depositphotos.com

26.07.2024, 10:10 105 Ержан Әбіш

Күршім ауылында жалпы құны 2022,4 млн теңге болатын су құбырларын жаңарту жобасы іске асуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Жобалық-сметалық құжаттаманы «Казниихимпроект» ЖШС әзірледі. Жобаға тапсырыс беруші – Күршім ауданы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, мердігер – «Integra Construction KZ» ЖШС.

– Жобаға сәйкес бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларын, әрқайсысының көлемі 500 м3 болатын екі су резервуарын, трансформаторлық станцияны реконструкциялау көзделген. Жаңартылатын желілердің жалпы ұзындығы – 80 км, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Рауан Тұрысбек.

Жоба 2023 жылдан жүзеге асуда. 2023-2024 жылдары нысанға 1 859,2 млн теңге бөлінді.

Қазірге дейін 13 км желі салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив