Жыл басынан бері мотоциклшілердің қатысуымен 11 жол апаты болған – ШҚО
ШҚО-да жол-көлік оқиғасының алдын алуға, жүргізушілердің жол ережесін өрескел бұзуын анықтауға бағытталған «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мотоциклшілер олар көп жағдайда жол жүрісі қағидаларын сақтамайды, жылдамдықты шамадан тыс асырып, мотоцикл дулығасын киюді ұмытып кетеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Шараның алғашқы күні ғана 190-нан астам мототехника тексеріліп, 70 бұзушылық анықталды.
- 10 жүргізуші көлік құралын мотошлемсіз басқарған, 13 адам маневр жасау ережелерін бұзса, 10 адамның жүргізуші куәлігі болмаған, ал екеуі масаң күйде көлік тізгіндеген. Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жыл басынан бері мотоциклшілердің қатысуымен 11 жол-көлік апаты орын алған. Салдарынан 3 адам көз жұмып, 8 адам жарақат алған.
Оқи отырыңыз