Катонқарағай ауданындағы дала өрті ауыздықталды
Катонқарағай ауданындағы Барлық пен Ақсу ауылдары арасындағы дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өртті сөндіруге №27 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы, арнайы автокөліктер, барлығы 22 адам жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жоқ, алдын ала мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы 1,5 гектарды құрап отыр.
Жағдай жергілікті билік органдары тарапынан жіті бақылауға алынған.
Оқи отырыңыз