KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Өскеменде Балушкинге қатысты сот ісі басталды

Фото: depositphotos.com

5.08.2024, 14:39 83 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында «Бипэк Авто – Азия Авто» АҚ басшысы болған Анатолий Балушкинге қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық №2 соттың материалдарына сүйенсек, Анатолий Балушкинге және «Азия Авто» компаниясының бас директоры Ерік Сағымбаевқа қатысты сот процесі басталды. Сотталушылар Қазақстанда болмағандықтан сот ісі сырттай өтіп жатыр.

Анатолий Балушкинге Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық), 218-бабы 3 бөлігінің 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге де мүлікті заңдастыру) бойынша айып тағылған. Ал Ерік Сағымбаев ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен және 245-бабы 3-бөлігімен (салықтан жалтару) бойынша сотқа тартылып жатыр.

Адвокаттар айыпталушылардың Ресей азаматтары екенін айтып, істі сол елдің құзыретті органдарына жіберу туралы өтініш жасаған. Ал жәбірленуші тарап пен прокурорлар соттан олардың бұл өтінішін қанағаттандырмауды өтінген.

Еске сала кетсек, 2020 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бипэк Авто – Азия Авто» АҚ-ға қаншама жыл бойы мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінгенімен оның өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағанын мәлімдеген.

Осыдан соң аталған АҚ-ның негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы А. Балушкинді Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив