KZ
Өскемен
+3°
плотный туман жел 2 м/с, ОШ
521.53 601.01 6.43

«АЗИЯ АВТО» жұмысшылары зардап шеккендерге көмек көрсетуге әзір

25.06.2019, 09:40 269

Облыс әкімінің Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі үндеуіне алғашқылардың бірі болып үн қосқан «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы болды. «АЗИЯ АВТО» АҚ президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, шығысқазақстандық алпауыт кәсіпорынның жұмысшылары зардап шеккендерге қолдан келген көмектің бәрін көрсетеді.

– Біздің компания облыс әкімінің бастамасын сөзсіз қолдайды. Бүгін қызметкерлерімізбен үлкен жиын өткізіп, апаттың зардабын тартқан арыстықтарға қандай көмек көрсететінімізді анықтайтын боламыз, – деді Е.Сағымбаев.

Кешелі бері облысымыздағы қайырымдылық акциясына «Нұр Отан» партиясының белсенділерінен құралған топ та атсалысуда. Олар тұрғындардан азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар сияқты басқа да гуманитарлық көмекті қабылдап, таяу күндері Түркістан облысына жөнелтпек.

 

Айта кетейік, бүгінде облыстағы аудан орталықтары мен қалаларда Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ашылған 20-ға жуық пункт жұмыс істеп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу