KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тасқыннан зардап шеккен өңірдің оқушылары ШҚО-да демалуда

6.08.2024, 15:22 121 Ержан Әбіш

Рафтинг, тимбилдинг, квест, шығармашылық студиялардағы сабақтар, бассейнде жүзу – Атырау облысынан келген балаларды «Дарын» лагерінде он күн бойы осындай ұмытылмас демалыс күтуде, деп хабарлайды  Aitainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген балалар үшін жазғы демалыс ұйымдастырылатыны туралы көктемде белгілі болған. Жазғы лагерьге 60 балаға жолдама берілді. Бүгін олар өз демалыстарын бастап кетті.

- «Дарын» лагеріне Атырау облысының әртүрлі аудандарынан 10-15 жас аралығындағы оқушылар келді. Ұйымдастырушылар олар үшін оқу жылының басталуына дейін демалып, жаңа әсерлермен қуаттануға мүмкіндік беретін қызықты бағдарлама дайындады, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Балалардың бүгін таңертең келгеніне қарамастан, олар біздің өңірдің табиғатына таңғалып үлгерді. Алда оларды әлі де көптеген қызықтар күтіп тұрғанына сенімдіміз.

 Татьяна Кравченко

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу