KZ
Өскемен
+9°
небольшой дождь жел 4 м/с, В
481.68 522.48 5

Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайдың анасы – Шығыстың қызы

Фото: olympic.kz

8.08.2024, 17:06 117 Ержан Әбіш

Біреу білсе, біреу білмес, еліміздегі әйелдер боксының көш басында жүрген Қазақстанның жеті, әлемнің жеті дүркін чемпионы Назым Қызайбай – біздің жерлесіміз. Спортшының нағашылары – Катонқарағай ауданындағы Жаңаүлгі ауылының тумалары.  

Назымның биыл Париж Олимпиадасына тұңғыш рет жолдама алып, қола медаль иегері атанғаны баршаға аян.

– Назымның анасы Кәмшат Өзенбаева Жаңаүлгіде туып-өскен. Отбасыларында он бала өсті, Кәмшат ­– үйдің тоғызыншысы. Марқұм әкелері Ахет Өзенбаев қарапайым шаруа болатын, совхозда еңбек етті. Кәмшат Катондағы Рыков мектебін бітірген соң Алматыға оқуға аттанды. Сонда Нарынқолдың жігітіне тұрмысқа шықты. Алты баланың анасы атанды. Назым – үйдің үшіншісі. Ол қаршадай кезінен бокспен айналысты. 4-ші сыныпта Назымның спортқа деген қабілетін байқаған бапкері оны бокс залына алып келген екен. Алматыда ата-анасы мен аға-бауырлары, сіңлілері жанкүйер болса, Катонқарағайда Кәмшаттың барлық туысқандары Назымның жеңісін тілеп отырдық. Ол жастарға үлгі бола білді, мақтанышымызға айналды. Болашақта бағындырар шыңдары көп болсын! – дейді Назымның анасының жеңгесі, Катонқарағай аудандық Мәдениет үйінің өнерпазы Алма Орынбаева. 

 Тимур Серікхан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив