KZ
Өскемен
-1°
плотный туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдама алды

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

2.06.2024, 20:00 120 Назерке Каримова

Үшінші раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсірді.

Осылайша 50 келіде жұдырықтасқан былғары қолғап шебері төрт қарсыласын да жеңіп, Париждегі Олимпиадаға жолдама алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста 2 дүркін Әлем чемпионы, 50 келідегі Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның жас спортшысы Канг Су Хуангты 5:0 есебімен жеңді.

Жарыс жолында словакиялық Николь Дурикова, кореялық Жухуюнг Жанг, ұлыбританиялық Саванна Стабли, Солтүстік Кореяның спортшысы Канг Су Хуангпен кездесті.

Сондай-ақ 21 жастағы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасына барады.

Іріктеу кезеңінде 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шешуші айқаста Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив