KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Тамызда Өскемендік тауар өндірушілердің көрмесі өтеді

Өскемен қаласы әкімдігінен

18.08.2024, 12:00 127 Назерке Каримова

Тамыз айында «Made in Oskemen-2024» дәстүрлі көрмесі өтеді.

Жергілікті тауар өндірушілердің басын қосатын бұл көрмеге қала кәсіпкерлері қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ондағы мақсат – облыс орталығындағы кәсіпкерлерді қолдау, отандық тауарөндірушілердің өнімін жарнамалауға, тұтынушыларға кеңінен таныстыруға көмектесу, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, жаңа нарыққа жол ашу.

Көрмеге ықыласы танытқан шағын және орта, сондай-ақ микро бизнес субъектілері қатыса алады.

Іс-шараға қатысу үшін анкета-өтінімді Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің o.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz, pred-uk@mail.ru электронды поштасына жолдауға немесе 8(7232)262284, WhatsApp 8771 4372797 (Гүлнара), 87076/18494 (Әсемгүл) телефон нөміріне хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив