KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

"Made in Oskemen-2024" көрмесі өтеді

20.07.2024, 13:15 119 Назерке Каримова

Тамыз айында «Made in Oskemen-2024» дәстүрлі көрмесі өтеді. Жергілікті тауарөндірушілердің басын қосатын бұл көрмеге қала кәсіпкерлері қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ондағы мақсат – облыс орталығындағы кәсіпкерлерді қолдау, отандық тауарөндірушілердің өнімін жарнамалауға, тұтынушыларға кеңінен таныстыруға көмектесу, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынасын нығайтып, жаңа нарыққа жол ашу.

Көрмеге ықыласы танытқан шағын және орта, сондай-ақ микро бизнес субъектілері қатыса алады.

Іс-шараға қатысу үшін анкета-өтінімді Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің o.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz, pred-uk@mail.ru электронды поштасына жолдауға немесе 8(7232)262284, WhatsApp 8771 4372797 (Гүлнара), 87076/18494 (Әсемгүл) телефон нөміріне хабарласуға болады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив