Бұқтырма жағалауы қоқыстан тазартылды
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында Бұқтырма су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.
Шараға экопатруль өкілдері, аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Күршім» КМК қызметкерлерінің және еріктілер қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Сенбілік барысында жағадан 300 келіге жуық қоқыс шығарылды, - дейді «Күршім» КМК қызметкерлері.
Сондай-ақ табиғат жанашырлары аудан тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырады.
Оқи отырыңыз