«Таза Қазақстан» акциясы аясында 6500-ден астам іс-шара өткізілді
t.me/madenietaqparat
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының бесінші тақырыптық апталығы аясында өңірлерде жағалау аймақтарын абаттандыру және су айдындарының айналасын тазарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мәселен, «Мөлдір бұлақ» апталығының бесінші күні өзен, көлдердің, бұлақтар мен су айдындарының аймақтарын қоқыстан тазарту үшін 101 іс-шара ұйымдастырылды. 139 аумақ тазартылды, – деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалпы, «Таза Қазақстан» аясында 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында өңірлерде 6500-ден астам іс-шара өтті, оған шамамен 1,13 млн адам қатысты.
Оқи отырыңыз