KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

Қызыл ту өктелінде паромдардың жүру уақыты өзгерді

Фото: С.Әбілхан

28.08.2024, 13:36 96 Ынтымақ Толқын

Қызыл ту өткелі арқылы қатынайтын паромдардың жүру уақыты өзгерді. Бұған Бұқтырма су қоймасының үстінен салынып жатқан көпір құрылысы себеп болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Өндірістік қажеттілікке байланысты «Күршім» паромы 28 тамыздан бастап Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірдің құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды. Ал «Қызыл ту» өткелі қалыпты жағдайда жұмыс істей береді. Көліктерді «Ертіс» паромы және «Одесса» теплоходы бекітілген кестеге сәйкес тасымалдайды», – деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.

Кестеге сәйкес «Ертіс» паромы әр күн сайын алғашқы рейсті таңғы сағат 6.00-де Күршім жағалауынан бастап, соңғы рейске кешкі сағат 21.00-де Самар жағалауынан аттанады. Ал «Одесса» теплоходы алғашқы рейсті таңғы сағат 6.45-те Күршім жағалауынан бастап, соңғы рейске кешкі сағат 21.45-те Самар жағалауынан шығады. Паромдар әр жағада екі сағат сайын болады. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив