Бұқтырмадағы паромдардың бірі жөнделеді
«Бұқтырма» су қоймасындағы «Ертіс» паромы жөнделеді. Оған дейін жолаушылар мен көліктерді «Қызыл Ту» өткелі арқылы «Күршім» паромы мен «Одиссей» баржасы тасымалдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Ертіс» паромы 8 қараша күні сағат 10.00-де тоқтады, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қолайсыздық туындаса, кешірім өтінеміз! Өткелде қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қадағалайды», - деп мәлімдеді Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі.
Жөндеу жұмыстары, шамамен, бір аптаға созылуы мүмкін, бұл жайында қосымша хабарланады.
Оқи отырыңыз