«Саламатты Қазақстан» денсаулық пойызы Алтай ауданына келді
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Алтай ауданындағы «Алтай» станциясына тоқтап, тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз етті.
Денсаулық пойызының қызметіне алғашқы күні-ақ 120-ға жуық адам жүгініп, дәрігерлік кеңес алып, диагностикадан өткен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Биыл медициналық пойыз құрамына маммографтың қызметі де қосылыпты. Ол онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек терапевт, хирург, балалар дәрігері және басқа да мамандар бар.
Қайырымдылық концерті Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және Алтай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған.