KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Шенеуніктер заңсыз келісімшарт жасағаны үшін айыппұл арқалады – ШҚО

Фото: mk.ru

9.09.2024, 10:59 58 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да заңсыз келісімшарт жасаған шенеуніктер анықталды.

ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталған.

- Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбаған, тиісінше, бір көзден шарттар жасауға негіз болмаған. Атап айтқанда, ЖАО қар шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алған. Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив