KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

ШҚО: 20-дан астам шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

13.03.2024, 11:13 358 Ләззат Қанатқызы

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні облыс аумағындағы еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған 20-дан астам шетелдік азамат анықталды.

Шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан 7 шығысқазақстандық жұмыс беруші айыппұл арқалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Облыс орталығындағы әкімшілік ғимараттардың бірінен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат алған 12 ТМД азаматтары анықталды. Артынша белгілі болғандай олар мүлдем басқа салада еңбек еткен. Заңнаманы бұзғаны үшін барлық 12 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 7 жұмыс беруші әрқайсысы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағанда «Мигрант» жедел-профилактикалық  іс-шарасы 11-15 наурыз аралығында жүргізіледі. Тәртіп сақшылары базар, асхана, дәмханаларды, құрылыс нысандары мен өзге де орындарды тексеретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив