Шемонаиха ауданында мемқызметкерлер айыппұл арқалады
фото: informburo.kz
Шемонаиха ауданы прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы мемлекеттік орган өкілдерінің заңсыз әрекеттері жөнінде хабар беріп, өтініш білдірген екі кәсіпкерге көмектесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Шемонаиха ауданының құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімі кәсіпкерге қажетті мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тартқан.
Ал екінші жағдайда ауданның білім бөлімі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға маманданған ЖШС–ның қызметіне заңсыз араласқан.
Аудан прокуратурасының қаулыларымен мемлекеттік орган қызметкерлері ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 186 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Өтініш берген кәсіпкерлерге тиісті қолдау көрсетілді.