KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Рыпакова Азия олимпиада кеңесінің мүшесі болып сайланды

Фото: Olympic.kz

9.09.2024, 12:11 80 Ержан Әбіш

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі атқарушы комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионының кандидатурасы бұл күндері Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының Бас ассамблеясы кезінде АОК атқарушы комитетінің қарауына ұсынылған болатын.

Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Айта кетелік, Рыпакова АОК атқарушы комитетінде Орталық Азия аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ отырыс барысында Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) АОК президенті ретінде қайта сайланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив